Жоғалып кеткен AirAsia ұшағын іздестіру жұмыстары қайта жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық AirAsia әуекомпаниясының жоғалып кеткен ұшағын іздеу бүгін, дүйсенбі күні таңертең жаңғыртылды, деп хабарлады www.interfax.ru.
None
None

Жексенбі күні түнде іздестіру операциясы тоқтатылған еді.

Іздестіру жұмыстарын Индонезия басқарады. Жоғалған авиалайнерді іздеуге 12 кеме, үш тікұшақ, бес әскери ұшақ тартылды. Операцияға малайзиялық ӘӘК С-130 ұшағы, үш корабль, Сингапурдың С-130 ұшағы қатысуда.

Австралия іздеу жұмыстарына AP-3C Orion көлігін жіберді. «Ұшақ іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу саласында жоғары көрсеткішке ие. Теңіздік іздестіру радарымен, визуалдық бақылау үшін инфрақызыл, оптикалық аспаптармен жарақталған», - деп мәлімдеді австралиялық ӘӘК Бас қолбасшысы маршал Марк Бинскин. Сонымен қатар, АҚШ-та көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Индонезияда Сингапурға QZ8501 рейсімен бағыт алған Airbus-320-200 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 06:17-де (Мәскеу бойынша 02:17), ұшқыш соңғы рет диспетчерден маршрут өзгертуге рұқсат сұрағаннан кейін радар экранынан ғайып болды.

Индонезиялық БАҚ ұшақ мұхитқа құлағанын, сол жерден сынықтары табылғанын хабарлады. Авиакомпанияның хабарлауынша, пилот турбулент ағысы күшті болуына байланысты бағытты өзгертуді сұраған. Малайзия Көлік министрлігінің сарапшылары жаңа маршрутқа ауысқан ұшаққа отын жетпей қалуы мүмкін деп санайды.

Авиакомпания басшылары ұшақ апаты жайлы ресми ақпарат таратуға әзірге дайын емес. Малайзия мен Индонезияның ресми өкілдері мұхитта табылған ұшақ сынықтары жайлы ақпаратты теріске шығарып отыр.

Авиакомпания басшылығы жексенбі кешке жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ұлттық құрамын анықтады. Жолаушылардың ішінде 149 индонезиялық, бір сингапурлық, бір малайзиялық, Оңтүстік Кореяның үш азаматы мен бір ағылшындық болған. Экипаж құрамын 1 француз, алты индонезиялық құраған.

Соңғы жаңалықтар