Жоғалып кеткен атомдық физика маманы Алматыдан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібірде жоғалып кеткен атомдық физика маманы Алматыдан табылды, деп хабарлады flashsiberia.com.
None
None

 «10 наурызда ол Алматы сауда орталығынан табылды, ол күні бойы сәкіде отырған. Не болды деген сұраққа, үш күн бұрын фермерлік шаруашылықтан қашып кеткенін айтқан. Ол жерде оны ұзақ уақыт ұстаған көрінеді. Көп таяқ жегендіктен не болғанын білмейді, тпті уақыттан да жаңылысып қалған», - деді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, ер адам өзін Новосібірден Юрий Образцовый деп таныстырды. Бірақ құжаты болған жоқ.

 «10 жылдай Қазақстанда құлдықта болғанға ұқсайды. Осында бизнес бойынша келген екен», - деді куәгерлер.

Новосібірде ер адамның ағасы, анасы болуы тиіс. Қазір оларды ресейлік полиция іздеуде. Білімі бойынша ер адам атомдық физика маманы.

Соңғы жаңалықтар