Жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын іздестіру жөніндегі суасты аппаратының соңғы миссиясы басталды
Ағымдағы операция алдын ала болжам бойынша ұшақтың қара жәшігінен шыққан 8 сәуірде екінші дабыл алынған жерден радиусы он шақырымдық Үнді мұхитының түбін қамтиды. Операция барысында аппарат осы аймақтағы іздестіру жұмыстарын аяқтап, осы аймақтан тысқары мұхит түбін зерттеуге кіріседі. Әзірге ұшақтың ешқандай іздері табылмағаны атап өтілген.
Кулала-Лумпурдан Бейжіңге MH370 рейсін жасаған Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777-200 авиалайнері бортындағы 237 жолаушымен және 12 экипаж мүшелерімен 8 наурыз күні түнде радар экрандарынан жоғалып кетті. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак 24 наурызда әуе кемесі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлады деп хабарлады. Бұл туралы спутник мәліметтерін талдау көрсеткен. Алдын ала болжам бойынша, ешкім де тірі қалмаған.