Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жоғалып кеткен кениялық такси жүргізушісі өзін жерлеу күні табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кениялық мототакси жүргізушісі Уилсон Олуок (Wilson Oluoch)  үш апта бойы үйіне келмеген.

Жоғалып кеткен кениялық такси жүргізушісі өзін жерлеу күні табылды

Сол кездері ауыл маңындағы қант плантациясынан ер адамның мәйіті табылған. Оны туыстары Уилсонның мүрдесі деп қабылдап, жерлеу рәсіміне дайындықты бастап кеткен.

Қабірді қазып болғанда, отбасының таныстары жоғалған ер адамды Ронго қаласынан көргенін айтқан. Туыстары айтылған мекенжайға барып, өлесі мас боп, ішімдік ішіп отырған Уилсонды тауып алады, деп жазды Daily Mirror.

Қуанған туыстары жерлеу рәсімін тоқтатып, жоспарланған жаназа орнына үлкен той жасады.