20:22, 27 Ақпан 2018 | GMT +5
Жоғалып кеткен үш баланың анасы ШҚО-дан табылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ШҚО-да жоғалып кеткен Зырян қаласының тұрғыны Любовь Магамадова аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Полицейлер мен еріктілер оны 12 күн бойы іздеген болатын. Тәртіп сақшылары жоғалған ананың осы уақытқа дейін қайда болғаны туралы ештеңе айтқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 37 жастағы Любовь Магомадова 14 ақпан күні үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Ол бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып қайта табылған.