Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасындағы ақтық тур Оралда өтеді

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-туры Оралда өтеді.

Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасындағы ақтық тур  Оралда өтеді

Ақырғы тур «Ұшқын-Искра» мен «Атырау-2», «ОҚМУ-Қазығұрт» пен «АОСК-Алматы», «Ертіс АО АҚ» мен «Есіл-Виктория», «Жайық-Конденсат» пен «ҚазҰАУ» арасындағы ойындармен басталғалы отыр. Қазір турнир кестесінде 4 турдың қорытындысы бойынша 71 ұпаймен Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы көш бастауда. Бұл жолы жарыс қожайындарының «Жайық-Конденсаты» (58 ұпай) өз орнын сақтап қалуды алдына басты етіп қоймақ. Өйткені оралдықтарды өкшелеп келе жатқан Астананың «Ұшқын-Искрасының» қоржынында 57 ұпай бар. Одан кейінгі орындарды Павлодардың «Ертіс-АО АҚ» (52 ұпай), Қызылжардың «Есіл-Виктория» (47 ұпай), Атыраудың «Атырау-2» (18 ұпай) және Алматының «ҚазҰАУ» (17 ұпай) мен «АОСК-Алматы» (16 ұпай) командалары келе жатыр.