Жоғарғы сот қазақстандық қылмыскерлерді суреттеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде ҚР Жоғарғы сотының арнайы орталығы бейнебақылау жүйесі арқылы барлық сот отырыстары бақылап отырады. Ал «Төрелік» ақпараттық жүйесінде қылмыстық істердің саны, құқық бұзушылықтардың санаты, сотталғандардың жас мөлшері сияқты жүздеген көрсеткіштер тіркеледі. Соның негізінде мамандар Қазақстандағы қылмыскердің орташа портретін есептеп шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бізде қылмыстардың 86 пайызын еркектер жасайды. Олардың орташа жасы 21-29 жаста, сондай-ақ 30-39 жастағы азаматтар қылмысқа жиі барады. Ондай адамдардың білімі - орта, өздері бойдақ болып келеді. Сонда Қазақстандағы қылмыскердің орташа портреті былай: жасы 21-29-да, орта білімі бар, үйленбеген. Ал әйелдерге келер болсақ, олардың көбісі 30-39 жаста, білімі де орта және тұрмыс құрмаған. Бүгінде қылмыстардың 14 пайызы әйелдердің үлесінде», - дейді орталық жетекшісі Салтанат Смағұлова.

Оның айтуынша, «Төрелік» жүйесінде тіркелген мәліметтер бойынша, жыл басынан бері қылмыстардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында болған. Ол жерде 4 756 іс қаралды. Одан кейін Алматы қаласы  (4 332 іс) мен Оңтүстік Қазақстан облысы (4 246 іс) келеді. Жалпы, қылмыстардың дені - ұрлық, адамды тонау мен соққыға жығу.

Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы соты бұқаралық ақпарат құралдары үшін пресс-тур ұйымдастырып, сот отырыстарын қалай бақылайтынын көрсетт і. 

Соңғы жаңалықтар