Жоғарғы Сот Кеңесін автономды мемлекеттік мекеме ретінде құруға бағытталған заң қабылданды - Парламент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң жобасына Сенат енгізген ұсыныстарды қарады. Жоғары палата тарапынан жасалған түзетулермен келіскен депутаттар құжатты қабылдау туралы шешім шығарды.
None
None

Аталған заң мемлекеттің бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын атқару мақсатында әзірленген. Құжатқа сәйкес, Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономды мемлекеттік мекеме болып табылатындығы айқындалған. Бұл ретте дербес мекемеге қайта құру жолымен құқықтық мәртебесі белгіленеді. Соған байланысты ҚР Жоғарғы Сот Кеңесін және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Ал Кеңес аппаратының басшысын ҚР Президенті тағайындап, аппарат туралы ережені және штат санының лимитін бекітеді. Кеңес құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттерінің төрағалары, Бас Прокурор, Әділет министрі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшысы, судьялар мен отставкадағы судьялар тағайындалады. Сонымен қатар, оның құрамында ғалым заңгерлер, адвокаттар, шетелдік сарапшылар, Судьялар одағының өкілдері тағайындалуы мүмкін.

Сенат судьялыққа кандидаттардың жұмыс өтіліне қойылатын талаптарға қатысты түзету енгізген болатын. Мәжіліс бұнымен келісіп отыр. Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар