Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесін нақты кадрлық қызметтері бар толыққанды институт ретінде күшейтуді тапсырды. Кадрлық мәселелердің бір бөлігі 2019 жылдың өзінде-ақ Жоғарғы соттан Жоғарғы сот кеңесіне берілген болатын. Қазір Жоғарғы сот кеңесіне судья кадрларын дайындау, біліктілігін арттыру, шекті жасын ұзарту, іс басындағы судьялардың өкілеттігін тоқтату және ұзарту мәселелерін беру ұсынылады», - деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында «ҚР-ның сот жүйесі жені соттардың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыра келе.

Сонымен қатар оның айтуынша, Жоғарғы сот кеңесіне Сот төрелігі академиясы да берілмек.

«Яғни, Жоғарғы сот кеңесі ендігі уақытта судьялық кадрларды іріктеуге, олардың одан арғы мансаптық өсуіне және құрметті отсавкаға кетуіне толыққанды жауап беретін болады», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар