Жоғарғы Сот қостанайлық 6 әділет қызметкерінің құқын қорғап берді

АСТАНА.  2 тамыз. ҚазАқпарат -  Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы  Әділет министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық бөлімшесінің 6 қызметкерінің еңбек құқығының бұзылу туралы істеріне қатысты соңғы нүктесін қойды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының  ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған брифинг барысында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім етті.

Үкіметтің 2011 жылғы қаулысы бойынша құжаттандыру функциясы және тұрғындарды тіркеу әділет органдарынан ішкі істер органдарына берілген болатын. «Басшылардың бұйрығымен Қостанай және Ақмола облысы әділет департаменттерінің нақтыланған штат саны өзгерістер аясында ішкі істер департаментіне ауыстырылған. Алайда, әділет департаментінің бұрынғы қызметкерлерін ішкі істер жұмысқа қабылдаудан бас тартқан. Осыған орай, Әділет органының қызметкерлері өздерінің конституциялық еңбек бостандықтарын қорғау мақсатында ішкі істер басқармасына мемлекеттік қызметтен заңсыз босату, бұрынғы жұмысын қайтадан қалпына келтіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінгі», - дейді О. Петерс.

 Оның айтуынша, Қостанай және Көкшетау қалалық соттарының, облыстың апелляциялық сот алқаларының қаулысы бойынша әділет органы қызметкерлерінің талап-арызы жартылай қанағаттандырылған.

«Босату сот арқылы заңсыз деп танылып, қызметкерлерді ішкі істер басқармасына жұмыс істеуі қалпына келтіріп, жұмыс уақытында заңсыз босатылғаны үшін еңбек жалақысын жартылай өндіру туралы шешім қабылданған», - дейді О. Петерс.

Оның сөзіне қарағанда, сот шешіміне қанағаттанбаған жауапкерлер Жоғарғы сотқа жүгінген. Алайда Жоғарғы соттың сот алқасы іс материалдарын қарап, шешімнің заңды түрде қабылданғанын көрсетті.   

Соңғы жаңалықтар