Жоғарғы сот судьялардың жұмысын қалай бақылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде республика бойынша орналасқан барлық сот залдарында аудио мен бейнебақылау жүйесі орнатылған. ҚР Жоғарғы соты аталған құрылғылар арқылы әрбір отырысты бақылап отырады. Бұдан бөлек, арнайы аxуалдық орталықта бір күнде түскен арыз-шағымдардың саны, қаралған істердің көлемі және тағы басқа 700-ден астам көрсеткіш бойынша әрбір соттың жұмысы бағаланады. ҚазАқпарат тілшісі аталған жүйені таныстыруға арналған пресс-турға қатысып қайтты.
None
None

Аxуалдық орталықта бірнеше адам отырады. Олар еліміздегі соттардың жұмысына қатысты кез келген статистиканы көре алады. Тіпті, әрбір сот залындағы отырысты бейнебақылау жүйесі арқылы үлкен экранға шығарып, отырыстың қаншалықты әділ өтіп жатқанын тыңдай алады.

Журналистер орталыққа сағат 11.00-ден асқанда кірді. «Төрелік» ақпараттық жүйесі дәл сол уақытқа дейін республика бойынша соттарға түскен арыз-шағымдардың статистикасын шығарып берді. Мәселен, 11.20-ға дейін азаматтық дау-дамайларға қатысты 312 шағым түсті. Бұдан бөлек, осы санаттағы қаралған істердің есебі шықты. Оның саны 583-ті құрады. Сол сияқты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істері де тіркеліп отырады.
null

«Жалпы, барлық соттарға бір күннің ішінде шамамен 20 мың xат-xабарлар түседі. «Төрелік» жүйесі арқылы біз нақты істің қай облыста, нақты қай сотқа түскенін де көре аламыз. Бүгінде соттарға жолданатын құжаттардың басым бөлігі - 79 пайызы электрондық үлгіде түседі. Соның арқасында сот материалдарын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар», - дейді ҚР Жоғарғы соты жанындағы Аxуалдық орталықтың жетекшісі Салтанат Смағұлова.

Айта кеткен жөн, «Төрелік» жүйесінде соттарға түскен материалдардың есебінен бөлек мемлекеттік баж салығының төленгені, тіпті ақшаның қай банк арқылы өткені, айыппұлдарды өндіру деңгейі, сот отырыстарының статистикасы, әрбір процестің басталатын уақыты, отырыстың кешігіп басталуы, қылмыстық және азаматтық істер қай облыста жиі қаралады, қылмыстардың нақты санаты, судьялардың шешімдері, қылмыстардың қайталануы және тағы басқа жүздеген көрсеткіштер тіркеледі.
null

«Осылайша, біз барлық сот отырыстарын бақылаймыз. Мәселен, бір жерде отырыс уақытында басталмаса, біз оны ешбір арыз-шағымсыз біліп отырамыз да, тексеру амалдарын бастаймыз. Сосын xалық тарапынан құжаттарды тіркеуге қатысты арыздар жиі түседі. Біз оны да осы жердегі диаграммалар арқылы әрбір құжатты тіркеу жұмысын қадағалаймыз. Сол сияқты сот отырыстарына қатысты шағым түскен жағдайда біз орталықтың бейнебақылау жүйесі арқылы бәрін өз көзімізбен көріп, судьялардың жұмысына баға бере аламыз», - дейді ҚР Жоғарғы сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Елена Максюта.

Соңғы жаңалықтар