Жоғарғы Сот Төрағасы 12-26 маусым аралығында интернет-конференция өткізеді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - 12-26 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаровтың интернет-конференциясы өтеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы 12-26 маусым аралығында интернет-конференция өткізеді

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сұрақ-жауап» режімінде қашықтан өткізілетін конференция барысында Жоғары Сот органының басшысы нақты сот істері мен шығарылған сот актілерінен басқа, поштаға келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап қайтарады.

Жоғарғы Сот заңгерлер қауымының өкілдерін, барлық мүдделі адамдарды Интернет-конференция кезінде өзара үнқатысуға шақырады және сұрақтарды мына мекенжайға жіберуді ұсынады: conference@supcourt.kz немесе: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана, Д. Қонаев көшесі, 39-үй; факс (7172) 24-25-98. 2013 жылғы 26 маусымға дейін.

Сұрақтар мен оларға жауаптар Жоғарғы Соттың http: supcourt.kz және «ҚазАқпарат» агенттігінің inform.kz интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.