Жоғарғы сот төрағасы еліміздің сот жүйесінің ардагерлерін Конституция күнімен құттықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге республиканың барлық өңірлерінен 25-ке тарта ардагер қатысты.
Жоғарғы сот төрағасы М. Әлімбеков ардагерлермен емен-жарқын әңгіме үстінде, Ата Заңның қабылданған күнімен құттықтап, ардагерлерге денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Сонымен қатар кездесу барысында М.Әлімбеков, «Конституция - біздің мемлекеттік дамуымыздың жаңа бағытын айқындап беріп отыр. Осы Заңның арқасында көпұлтты елімізде тұрақтылық пен ырыс қамтамасыз етілуде. Азаматтардың негізгі құқықтары кепіл етілген. Конституция күні тарихи мереке, үлкен мәселе екендігін», баса айтты.
Жиын барысында Қарағанды облысының сот жүйесінде көп жылдар қызмет атқарған 85 жастағы кейуана Рысбала Тілемісова Жоғарғы сот төрағасы М.Әлімбековке алғыс білдіре отырып, «Қазақстан елінің бақыты арта берсін, жастарына нұр жаусын, Конституциясы өрлей берсін!», деген батасын берді.
Ардагерлер ертең "Қазақ елі" монументі алаңында өткізілетін әскери шеруді тамашалайды, Астанадағы Конституция күніне арналған мерекелік шараларда болады.