Жоғарғы Сот Төрағасы интернет-конференция өткізеді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 12-26 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаровтың интернет-конференциясы өтеді.
None
None

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Сұрақ-жауап» режимінде өткізілетін онлайн-конференция барысында жоғары сот органының басшысы нақтылы сот істері мен шығарылған сот актілерінен басқа, республика сот органдарының қызметі, сот жүйесін жаңғырту, соның ішінде кадр саясатын жетілдіру, сот ісін жүргізуді жеңілдету, алдағы уақытта заңнамада болатын өзгерістер, сондай-ақ Мемлекет басшысының судьялардың V-съезінде межелеген міндеттерін іске асыру туралы қойылған сұрақтарға жауап қайтарады.

Осыған орай, Жоғарғы Сот заңгерлер қауымының өкілдерін, барлық мүдделі азаматтарды Интернет-конференция барысында өзара үнқатысуға шақырады. Бұл үшін 2013 жылғы 26 маусымға дейін сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуді ұсынады: conference@supcourt.kz немесе: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана, Д. Қонаев көшесі, 39-үй; факс (7172) 24-25-98.

Сұрақтар мен олардың жауаптары Жоғарғы Соттың supcourt.kz және «ҚазАқпарат» агенттігінің inform. kz интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар