Жоғарғы Сот Төрағасы Қ. Мәми «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдығымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдығына орай құттықтау жолдады.
None
None

Құрметті Д ә урен Ке ң ес ұлы !

Сізді және ұжымыңызды айтулы оқиға - «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтаймын.

Өзінің бай тарихында Агенттік түрлі брендтерімен өзін дәйекті, сапалы ақпараттың сенімді көзі ретінде көрсете білді. Бұл жұмыс қазір де белсенді жүргізілуде.

Бүгінде «ҚазАқпарат» - халықаралық БАҚ, тілшілік желісі кең, жетекші шетелдік ақпараттық агенттіктермен жақсы әріптестік қатынасқа ие. Тәулік бойы, онлайн режімінде төрт тілде ақпарат таратады, оның ішінде ағылшын және қытай тілінде. Бұл Агенттіктің елдегі медия кеңістігінде көшбасшылық ұстанымға ие екендігін көрсетеді.

«ҚазАқпарат» ұзақ уақыттан бері Жоғарғы Соттың белсенді ақпараттық әріптесі болып табылатыны қуантады. Сіздердің ленталарыңызда судья жұмыстарының әр алуан сәттері тұрақты беріліп, елдің сот қызметі жайлы өзекті ақпараттар жарық көреді.

Барлық жетістіктер Агенттіктің кәсіби, дарынды ұжымы еңбегінің жемісі екенініне сенімдімін.

«ҚазАқпаратқа» еңбектеріне жаңа жетістік, шығармашылық табыс және игі оқырмандарының көп болуын тілеймін.

Ізгі тілекпен, Қайрат Мәми

Астана, 2015 жылғы 13 тамыз

Соңғы жаңалықтар
Референдум