Жоғарғы сотта акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 маусым күні 15:00-де Жоғарғы соттың кезекті жалпы отырысы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы сотта акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану талқыланады

Күн тәртібіне Жоғарғы соттың төрт нормативтік қаулы жобасы қойылған. Олар: жаңадан ашылған деректер бойынша сот актілерін қайта қарау туралы; қылмыстық істер бойынша процестік шығындардың өндірілуі; корпоративтік даулар бойынша заңдардың қолданылуы; акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану.

Ертеңгі отырыста, бұдан бөлек, бірқатар нормативтік қаулылардың күшін жою мәселесі де қаралады.

Отырыстың тікелей трансляциясын Жоғарғы соттың Facebook парақшасынан және YouTube-арнасынан, сондай-ақ жоғарғы сот органының сайты мен «Zakon.kz» порталынан көруге болады.