Жоғарғы Соттың араласуымен мырыш шығаратын ірі кәсіпорынның 28 қызметкері 19 млн. теңге өтемақы алды

АСТАНА.  2 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Шығыс Қазақстан облысындағы мырыш шығаратын ірі кәсіпорнының 28 қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, сақтандыру компаниясына белгіленген өтемақыны төлеуге міндеттеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының  ағымдағы жылдың 6 айын қорытындылауға арналған брифинг барысында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім етті.

 «Кәсіпорын жұмысшылары өз денсаулықтарына зиян келтіретін ортада жұмыс істейтіндіктен әртүрлі кәсіби ауруларға шалдыққан. Медициналық және санитарлық сараптаманың қорытындысы бойынша әр қызметкердің жұмыс істеу қабілетінің төмендегені расталып, жұмыс берушінің кінәсі дәлелденген», - дейді О. Петерс.

Оның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлері денсаулығының зақымдануынан туындаған шығынды өтеу туралы сақтандыру компаниясына барған. Алайда, сақтандыру компаниясы төлемнен бас тартқан.

Осыған байланысты сотқа жүгінген жұмысшылардың талабына арнайы актілер шығарылғанымен, кейіннен бұлар апелляциялық сатыда қанағаттандырылмаған болатын. «28 қызметкер өз құқықтарын қорғау мақсатында Жоғарғы Сотқа жүгінді. Қадағалаушы сот алқасы шығарылған сот актілерін өзгертіп, жұмысшылардың талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Сақтандыру компаниясынан кәсіпорын қызметкерлерінің пайдасына 19 млн. теңге өндірілді», - дейді О. Петерс.  

Соңғы жаңалықтар