Жоғарғы соттың судьясы лауазымына тағайындалатын кандидаттардың тізімдері жарияланды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот төрағасы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 20-бабы, 2-нші тармағының 2-нші тармақшасына сәйкес,

Жоғарғы соттың судьясы лауазымына тағайындалатын кандидаттардың тізімдері жарияланды

Жоғарғы соттың пленарлық мәжілісінің қарауына Жоғарғы соттың бос тұрған судья лауазымына төмендегі азаматтарды тағайындау туралы ұсынысын енгізді, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.

Баспасөз мәліметіне сәйкес, Жоғарғы соттың судьясы қызметіне:
Маңғыстау облыстық прокурорының орынбасары - Жаңылсын Арқарованы;
Қарағанды облыстық сотының судьясы - Жанна Волокованы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету департаментінің бастығы Бауыржан Жұмағұловты; 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Асқаржан Кенжеғаринді;
Қостанай облыстық сотының төрағасы Бағлан Мақұлбековты;
Астана қалалық сотының судьясы Төлеухан Нұғымановты; 
Астана қалалық сотының судьясы Айгүл Сапарованы; 
Павлодар облыстық Сот алқасының төрайымы Гүлнәр Рысбекованы; 
Жамбыл облыстық сотының Кассациялық сот алқасының төрағасы Асқар Смайыловты; 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Ләйлә Тәкішеваны; 
Қостанай облыстық сотының Аппеляциялық сот алқасының төрағасы Владимир Шакунды тағайындау ұсынылып отыр.

Аталған кандидаттарға қатысты мәліметтердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, олар жөнінде қандай да бір мәліметтерді берем деушілер Жоғарғы соттың  www.supcourt.kz сайтына жаза алады. Болмаса Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 39 мекенжайы (010000 индексі) бойынша хабарласуға болады.