11:11, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Жоғарғы соттың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар судьяларының үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жоғарғы соттың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар судьяларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Оны экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріп жатыр»,
-деді бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаев Астанада «Еуропалық кеңеске кірмейтін мемлекеттермен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында журналистерге берген сұхбатында.
«Қазіргі таңда аталмыш қылмыстық әрекеттерге байланысты алдын ала қандай да бір болжам айту қиын. Оның қортындысын тергеу жұмыстары көрсетеді. Осы қорытындыға орай біз осы іспен байланысты жүзеге асырылған шаралардың заңдылығын анықтаймыз»,-деді Бас прокурор.