Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен Жоғары Соттың жалпы отырысы төралқасының отырысы өтті.
Отырыста Алматы және Қостанай облыстары соттарының сот төрелігін жүзеге асыру жағдайы және оларға практикалық көмек көрсету бойынша жүргізілген кешенді тексерістің қорытындысы талқыланды.
Алматы және Қостанай облыстық соттары төрағаларының атқарылған жұмыс туралы ақпараты тыңдалды.
Талқылау нәтижесінде Жоғары Соттың жалпы отырысы төралқасының тиісті қаулысы қабылданды. Аталған облыстық соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар, олардың төрағаларына іс-шаралар жоспарын әзірлеп, соттар жұмысында орын алған бірқатар кемшіліктерді жою туралы тапсырма берілді.
Бұған қоса, Жоғарғы Сот Төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың, сот практикасын қорытудың, талдамалық қызметті жүргізудің, еңбек және атқару тәртібін орындаудың сапасын арттыру қажеттілігіне баса назар аударды.