Жоғары аудиторлық палата 271,1 млрд теңгенің заң бұзу деректерін анықтады
«Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 4 трлн 958,5 млрд теңге болды. Аудит барысында 271,1 млрд теңгеге бұзушылық анықталды. Соның ішінде 34,2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркелсе, 236,9 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны және тиімсіз жоспарланғаны анықталды», - деп жазылған палатаның ақпаратында.
Аталған ауытқулар бойынша ұзын саны 2 087 рәсімдік бұзушылық тіркелген.
«Аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге және өтеуге жататын 34,2 млрд теңгеден нақты 16,9 млрд теңге қалпына келтірілді (өтелді). Үкімет пен мемлекеттік органдарға 112 ұсыным мен 346 тапсырма (нұсқама) жіберілді. 120 лауазымды адам тәртіптік жазаға, 45 жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Құқық қорғау органдарына қарау және процестік шешім қабылдау үшін аудиттің 15 материалы жіберілді. Оның ішінде алтауы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, бесеуі уәкілетті органдарға қосымша тексеру үшін жіберілді. Төрт материал бойынша іс жүргізу тоқтатылды», - делінген құжатта.