Жоғары білім адамды бақытты қыла алмайды - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақсы білім адамды жоғары жалақымен қамти алады, алайда ол ылғи да бақытты ете алмайды. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесі, деп жазады The Health Site.
None
None

Варвика Университеті келесідей болжам жасады: егер білім психикалық денсаулықпен байланысты болса, онда жақсы білім адамның өзін жақсы сезінуіне ықпалдасуы тиіс. Алайда іс жүзінде бұлай болмады. Ғалымдар жақсы психологиялық жағдаймен байланысты факторларды - білім және қаражат деңгейін тексерді.

Білім деңгейі адамның өзін жақсы сезінуіне әсер етпеді.

Жуырда ғалымдар жақсы білім адамды психикалық мәселелерге итеруі мүмкін деп болжаған. Егер адамның білімі оның жұмысына қажетті білім деңгейінен жоғары болса, онда ол күйзеліске ұшырайды. 16000 астам адамды зерттеу нәтижесіні осыны көрсетті.

Білімі жақсы адам үшін мұндай жұмыс қызықсыз болғандықтан, күйзеліске әкеліп соғады. Ол өзінің алған білімін, үйренгенін пайдалана алмайды, делінген Гентский университетінің есебінде.

Соңғы жаңалықтар