Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына өзгерістер енгізілді

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №896

 «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бас­тауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйым­­дарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған  жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері республи­калық музыка мектеп-интернат­тарының бітіру­ші­лері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар