Жоғары білім мектебінде оқытудың инновациялық әдісі қолданылатын болады

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университеті» Жоғары білім мектебінде   сабақ  инновациялық технология әдісі қолданылып өткізілетін  болады, деп хабарлады Жоғары білім мектебінің деканы Тимоти Рейган Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Жоғары білім мектебінде оқытудың инновациялық әдісі қолданылатын болады

Біздің мақсатымыз иноовациялық сабақ оқыту. Біз сабақтарымыздың заманауи технологиялармен жүргізілгенін қалаймыз», - деді Т.Рейган.

Деканның айтуынша Жоғары білім мектебінің 3 басым мақсаты бар, олар - жоғары деңгейдегі оқыту, сабақ беру және ғылым.

«Біз бұл салалардың өте маңызды екеніне сенеміз, және біздің басты мақсатымыз бүкіл Қазақстан бойынша балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету», - деп аяқтады сөзін Тимоти Рейган.

Естеріңізге сала кетсек, студенттер қабылдауды 2013 жылғы қаңтарда бастайтын Жоғары білім мектебі басқару кадрларын даярлаудағы  алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталық  болады деп күтілуде. 2020 жылға қарай мектеп магистратура бағдарламасы бойынша 400-дей бітірушілерді және PhD докторларының бірінші тобын оқытып шығарады деп жоспарлануда.