Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» финалға шықты
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы кеше өз алаңында «Ариада-Акпарс» (Волжск) командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға шықты.
Лиганың плей-офф сындары аясында бұл екі команда қатарынан бес рет кездесті. Оның төртеуінде «Сарыарқа» командасының жолы болды. Жалпы есеп - 4:1. Жартылай финалдың ережесі де сол, өз қарсыласын төрт рет қатарынан жеңген команда келесі айналымға өтеді. «Сарыарқа» осы талапты шебер орындай білді. Соңғы ойында «Ариада-Акпарсты» 4:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға өтті. Енді, қарағандылық хокейшілер «Торос» (Нефтекамск) командасымен күш сынасып көреді. Жеңімпаз атанған құрама Жоғары хоккей лигасының Братина кубогын иеленеді.
Айта кетейік, «Сарыарқа» - «Торос» ойындары 18 сәуір күні басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.