Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» самаралықтарды ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының чемпионаты аясында Қарағандының «Сарыарқа» командасы Самара қаласында жергілікті «ЦСК ВВС»-ті жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші кезеңде қарағандылық Сергей Тополь мен Валерий Поляков самаралықтардың қақпасына бір-бір шайбадан салды. Екінші жиырма минутта аталмыш екі хоккейші тағы бір-бір гол соқты. Ойынның үшінші бөлігінде «ЦСК ВВС»-тің өкілі Рамиль Сулейманов қарағандылықтардың қақпасынан саңылау таба алды.
Енді 3 қараша күні «Сарыарқа» Қарағанды қаласында Воронеждің «Буран» командасымен ойнайды.