Жоғары инфляцияның салдары әлеуметтік бағдарламаларға зиянын тигізеді - Қ.Келімбетов

АНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жоғары инфляцияның салдары әлеуметтік бағдарламаларға зиянын тигізеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
None
None

Ішкі жағдайлардың көбінесе сыртқы факторларға тәуелді болатындығын баса айтқан ол: «Ал біз, сыртқы факторларға ықпал ете алмайтын болсақ, онда экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпалын тигізетін экономиканың ішінде жағдайлар жасау қажет. Осы тұрғыдан алғанда инфляцияның өсуіне жол бермеу бірінші кезектегі міндет болып табылады. Жоғары инфляция шетелдік инвестицияларды тартуға, өндірістердің кеңеюі мен капиталдың жинақталуы үшін қажет қарыз ресурстарының құнын төмендетуге мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, жоғары инфляцияның салдары әлеуметтік бағдарламаларға зиянын тигізеді», - деді.

Оның пайымынша, ағымдағы жыл инфляциялық үрдістердің үдейе түсуі тұрғысынан алып қарағанда әсіресе қауіпті болып көрінеді. Инфляцияның жыл басынан бергі серпіні осыны қуаттап отыр.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағалар өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 4,2 пайызға өсті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңі көрсеткішінен 0,6 пайыздық тармаққа жоғары. Жылдық мәндегі (2011 жылдың сәуірі 2010 жылғы сәуірге қарағанда) инфляция деңгейі 8,4 пайызды құрады», - деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар