Жоғары лига жеңімпаздарын жанкүйерлері әуежайда күтіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өткен КВН-2017 Жоғары лигасында чемпион атанған «Спарта» командасын жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жоғары лига жеңімпаздарын жанкүйерлері әуежайда күтіп алды

Команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жеңімпаздарды қазақстандықтардың қалай қарсы алғандығы туралы видео жарияланды.

Публикация от Команда КВН "Спарта Номад" (@sparta.astana.promotion) Дек 19, 2017 at 5:25 PST

Еске салсақ, 15 желтоқсан күні Мәскеу қаласында КВН Жоғары лигасының финалы өткен болатын. Аталмыш сайыста бірінші орынды «Спарта Номад», екінші - «Радио Свобода» (Ярославль), үшінші орынды «Плюшки» (Тверь) командалары өзара бөліскен еді . 

Публикация от Команда КВН "Спарта Номад" (@sparta.astana.promotion) Дек 19, 2017 at 5:28 PST

Бұған дейін қазақ командаларының бірде-біреуі Ресей  КВН ойындары Жоғары лигасының жеңімпазы атанбаған еді.

Публикация от Команда КВН "Спарта Номад" (@sparta.astana.promotion) Дек 19, 2017 at 6:09 PST

Айта кетейік, танымал КВН ойыншысы  Нұрлан Қоянбаев «Спартаның» бұл жеңісіне «құрметке лайық» деп баға берді.