13:22, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында теміртаулықтар 3-турда «А» тобында қарсылас шақ келтірмеді
АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 23-28 ақпан аралығында волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтті.

Онда барлық қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан «Спартак АМТ» командасы 15 ұпаймен бірінші орын алды. Теміртаулықтарға ойсырай ұтылып, павлодардың «Қазхромына» 2:3 есебімен есе жіберген оралдың «Грация-KZ» командасы 10 ұпаймен екінші орын алды. Көшбасшыдан 8 ұпайға артта қалып қойған қостанайлықтар үздік үштіктің қатарына енді. Ал павлодарлықтар - 6, алматытылықтар («Алматиночка») - 4 ұпай жинаса, Қарағанды облысының («Қарағанды-2») спортшылары 3 ұпаймен турнир кестесін түйіндеді.
Жалпы Жоғары лигадағы 12 команда бұған дейін ел чемпионатының алғашқы 2 турында жинаған ұпайлары бойынша 2 топқа бөлінген еді. Онда турнир кестесінде 1-6 орын алғандар «А» тобына енген болатын.