Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін волейболдан Алматыда  өтіп жатқан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-турындағы командалар бір күндік үзіліс алды. Ертең енді  жеңіліссіз келе жатқан екі команда өзара кездеседі.

Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе  жатыр

  Олар «Астана 2» мен  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (Өскемен) командалары.  Ал өз  жерлестерін («ЦСКА-ВКС»)  3:1, шымкенттіктерді («Қазығұрт») 3:0 есебімен ұтқан Алматының «ҚазЭУ» командасы кеше астаналықтардан (0:3) ойсырай ұтылды. Ертең олар Талдықорған («Жетісу2») волейболшыларымен шеберлік байқасады. «Жетісулықтар» бұған дейін өскемендіктер мен астаналықтарға 0:3, алматылықтардың екінші командасына  2:3 есебімен есе жіберген еді. Ал «ҚазЭУ» (1:3) мен  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (0:3) спортшыларына ұтылған  «ЦСКА-ВКС» енді «Қазығұртпен» күш сынасады.