14:19, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетінде ашық есік күндерін өткізеді
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін 26 наурызда Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетінде ашық есік күндерін өткізеді.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Ресми өкілдің айтуынша, келушілерге аталмыш жоғары мектеп тарапынан ұсынылатын мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасы жөнінде тереңірек білу мүмкіндігі қарастырылады. «Оның ішінде мемлекеттік гранттар немесе оқу бағдарламалары арқылы ұсынылатын оқу орындарына түсу туралы ақпараттар алуға болады», - деді А. Әбибуллаев.