Жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер бонустармен ынталандырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңындағы түзетулерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы оның атқарған жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігіне қатысты болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлім етті.
None
None

Еске салайық, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданған болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер үшін нәтижелілік бойынша еңбекақы жүйесі енгізіледі. Бұл «бірдей еңбек үшін бірдей еңбекақы» қағидатын қамтамасыз етіп, осы мақсатта құқықтық негіз белгіленеді. «Бұл заңда тиімділік, нәтижелілік және мақсатты көрсеткіштерге жету нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жаңа жүйесінің тетіктері енгізілді. Факторлы-баллдық меже негізінде ерекше нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметші жұмыстың ауырлығы, жауапкершілік деңгейі мен мақсатты индикаторларға қолжеткізу үлесі үшін бонустар алады», - деді С.Ахметжанов. Айта кетейік, заңнама аясында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылдау үш сатылы конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асатын болады. Бірінші кезеңде үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде агенттік арнайы сұхбаттасу арқылы үміткердің жеке қасиеттерін тексереді. Үшінші кезеңде мемлекеттік орган кандидаттың кәсіби білімін, біліктілігін айқындайтын болады. Конкурстан сәтті өткендер үшін тәлімгерлер белгілене отырып, үштен алты айға дейінгі аралықта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өте алмағандар агенттіктің келісімімен жұмыстан босатылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар