Жоғары оқу орнының корпоративтік басқару жүйесі жағынан біз өзге дамыған елдерден еш кем емеспіз ? ҚазҰТУ ректоры
АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жоғары оқу орнының корпоративтік басқару жүйесі жағынан біз өзге дамыған елдерден еш кем емеспіз. Бүгін Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры «Политех» және университеттің ІТ-инфрақұрылымы» корпоративтік ақпараттық жүйенің таныстырылымында осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оған жақында Мәскеуде өткен 21 ғасырдың жоғары технологияларына арналған халықаралық форумда көзіміз айқын жетті. Біздің корпоративтік басқару жүйесі өзге елдерден артық болмаса еш кем емес. Кейбір мемлекеттерде студенттердің жеке мәліметтерін орталық базаға енгізу туралы арнайы заң да бар екен. Бұл мәселені біз де ойластырғанымыз жөн шығар. Менің пікірімше, бұл мәліметтер оқу үдерісінде пайдаланылады. Оқытушылар студенттердің оқу үлгерімін, әлеуметтік жағдайы және тағы басқа да мәліметтермен танысып отырса, оның еш сөкеттігі жоқ», - дейді университет ректоры Жексенбек Әділов. «Политех» деп аталатын корпоративтік ақпараттық бұл жүйе ? оқу-әдістеме қызметінің барлық бағыттары бойынша университеттің бөлімшелері мен жекелеген мамандарының атқаратын жұмыстарын автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Ол соңғы үлгідегі ақпараттық технологияларды тұрақты әрі жүйелі жүргізу арқылы ұйымдастыру-басқару әдістерін ақпараттық ?комуникациялық құралдарды қолдану негізінде кең ауқымды мәліметтер алуға бағытталған. Мұның өзі Қазақстан өнеркәсібінің барлық саласы үшін техникалық жағынан білікті мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға септігін тигізеді», - дейді Ақпараттық және комуникациялық технологиялар орталығының директоры Аққыз Мұстафина.