Жоғары оқу орындары елдің инновациялық дамуына нақты үлес қосып, жаңашыл жас мамандар даярланады - Б.Жұмағұлов

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Білім мен инновациялық процесс адами капиталдың маңызды құрамдас бөлігі. Ал бұл бағытта елімізде үлкен институционалды жаңғырту жүргізілуде»,-деді бүгін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасындағы адам капиталын дамытудың сапасы мен болашағы» атты халықаралық конференцияда.

Жоғары оқу орындары елдің инновациялық дамуына нақты үлес қосып, жаңашыл жас мамандар даярланады - Б.Жұмағұлов

Оның сөзіне қарағанда, «Ғылым туралы» жаңа заңда аса көрнекті қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен құрылатын Ұлттық ғылыми кеңестер сияқты түбегейлі жаңа институттар енгізіліп жатыр. Сонымен қатар елде мемлекеттік ғылыми - техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылуда. «Оған да еліміз бен шетелдік сарапшылар қатысады. Бұған қоса гранттық және базалық қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Өте маңызды жаңалықтың

бірі шешім қабылдаудың әкімшілік және ғылыми вертикалін нақтылау. Осының бәрі қазақстандық ғалымдардың деңгейін көтеруге, шығармашылық белсенділігін күшейтуге және ғылымның экономика мен қоғамның дамуына қосатын үлесін арттыруға бағытталған»,-деді министр.

Сондай-ақ ол сөзінде Мемлекет басшысының «жаңашыл, ойлау қабілеті жоғары мамандарды даярлауға назар аудару» туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында «инновацияға бағдарланған жоғары оқу орындары» деген жаңа институционалды ұғым енгізіліп жатқандығын атап өтті. «Мұндай жоғары оқу орындарына конкурстық негізде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады. Тағы бір үлкен өзгеріс, мемлекеттік жоғары оқу орнына инновациялық кәсіпорын құру құқығын беру. Осылардың негізінде біз екі міндетті қатар шешеміз. Яғни, жоғары оқу орындары елдің инновациялық дамуына нақты үлес қосып, жаңашыл жас мамандар даярланады»,-деді Б.Жұмағұлов.