Жоғары оқу орындары уақыт өте келе жемқорлықты жоюға мәжбүр болады - Д. Назарбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева жоғары оқу орындарындағы жемқорлық мәселесін көтерді.

«Оқыту сапасын арттыру талаптарының күшеюі әсерінен жоғары оқу орындары өз қатарын тазартуға мәжбүр болады. Бүгін академиялық әділдік туралы сөз қозғадық. Мәселе тек студенттерде ғана емес, сонымен қатар өз жұмыстарын саудаға, ал зачет пен бағаны тауарға айналдырған профессорлық-оқытушылық құрамға да көп байланысты. Бұл біздің елдің беделіне үлкен нұқсан келтіреді, сонымен қатар осындай «жалған» дипломдарымен ғылым мен білімге, денсаулық сақтау, экономика салаларына келетін буынға да үлкен залалын тигізеді», - деді ол бүгін Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетіне жасаған сапары кезінде.

«Біз бүгін өзіміздің дәрігерлерден қорқамыз, себебі біз отандық медицина мамандарының қалай даярланатынын білеміз. Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарын бітірген қанша маман еліміздің экономикасына қайтып келді? Олардың барлығы қайда? Ешкім ауылда жұмыс істегісі келмейді. Бүгінде әлеуеті өте жоғары ауыл шаруашылығы саласы бар. Ауылда осы саланы аяқтан көтеруге ынтасы бар және осының жолында барлығына баруға дайын жас мамандарымызды дайындауымыз керек», - деп атап өтті вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар
telegram