«Жоғары оқу орындарының ауыл мектептерін қолдауы» жобасының VIIІ кезеңі өтуде

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат -  Алматыда Халықаралық  бизнес академиясының Білім беруді дамыту институты  «Еліміздің жоғары оқу орындарының ауыл мектептерін қолдауы» жобасының VIIІ кезеңін өткізуде.

«Жоғары оқу орындарының ауыл мектептерін қолдауы» жобасының VIIІ кезеңі  өтуде

5 қарашада басталған бұл шара ертең аяқталады.  Бағдарлама    аймақтарда бастауыш және орта білім беруді дамытуға қосқан ХБА-ның үлесі болмақ. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі каникул кездерінде өтеді. Оған ауыл мектебінің  пәнді жүргізушілер, ағылшын тілінің мұғалімдері, мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері келіп отыр.  Олар бағдарлама барысында «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары», «Қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістері» атты семинарлар мен «Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел мәжілісіне қатысуда. Сондай-ақ  Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернатты, Есік қаласындағы музей-қорықты, археологиялық музей мен «Ұста Дәркембай» музейін аралайды, қазақ жазушыларымен кездеседі және Абай атындағы опера және балет театрында болып,  «Біржан мен Сара» операсын көреді.