Жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілді
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілді. ҚазАқпарат қүұжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 17 ақпанынан, № 230
Жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Ережелердің мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.