Жоғары сапалы бензинді өндіру көлемін үш есе арттыруға болады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат  - Индустриялық-инновациялық бағдарламаға сәйкес, Қазақстанның мұнай-газ зауыттарын жаңғырту жұмысы 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
None
None

Бүгін Астанада басталған «Қазэнерджи» VII Еуразиялық форумында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай айтты.

Үкімет басшысы атап көрсеткендей, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың арқасында жоғары сапалы бензинді өндіру көлемін үш есе арттыруға болады. «2013 жылы Солтүстік Каспий жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде табиғи газды өндіру көлемі артып жатыр. Осыған орай Қарашығанақта жылына 5 млрд. текшеметр газды өңдейтін зауыт салынатын болады. Ал Қазақстанның мұнай-газ зауыттарын жаңғырту жұмысы 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі», - дейді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар