Жоғары Сот кеңесі дербес мекеме болып қайта құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында әзірленген.
None
None

Заң жобасы сот жүйесінде кадр жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға, Жоғары Сот кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталады. Судьялар мен отставкадағы судьяларды, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, беделді ғалым-заңгерлер мен шетелдік сарапшыларды енгізу есебінен Жоғары Сот кеңесінің құрамы кеңейтіледі.

«Заң жобасы аясында Жоғары Сот кеңесін дербес мекеме етіп қайта құру және оның кадрлық өкілеттіктерін кеңейту жолымен кеңестің құқықтық мәртебесі өзгерту көзделеді. Осыған байланысты, Жоғарғы Сот кеңесінің жеке аппаратын құру қарастырылады, бұл құрылымның дербестігін күшейте түседі деген сөз. Құжатта қамтылған жағымды жаңалықтардың бірі Жоғарғы Сот кеңесінің құрамы заң негізінде бекітіледі. Оның құрамына Жоғарғы Сот Төрағасы, Сенат пен Мәжілістің тиісті тұрақты комитет төрағалары, Бас прокурор, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның басшысы, Әділет министрі кіреді», - деді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ақылтай Қасымов.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау сот билігі корпусын қалыптастыру мәселесін түбегейлі өзгертуге септігін тигізіп, судьяларға қойылатын талаптарды қатаңдата түсуге жол ашады. Бұл ретте заң жобасында Жоғары Сот кеңесі соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Президенттің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын тұрақты әрекет ететін тәуелсіз орган болып табылады деп белгіленген. «Заң жобасы құқықтық мемлекеттің заңдылық, демократиялық, билікті бөлісу және басқа да принцптеріне зиянын тигізбейді. Біздің ойымызша, бұл нормалар сот жүйесінде кадрлық жұмысты жетілдіруге, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді», - деді судья Ақылтай Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар