Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының емтиханынан судьялыққа үміткер 11 адам сәтті өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 29-30 наурызда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі отырысы өтті.

Емтихан үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде судьялыққа кандидаттың теориялық дайындығының деңгейі компьютерлік тестілеу шеңберінде тексерілді. Екінші кезеңде ауызша емтихан барысында кандидаттың өз білімін іс жүзінде қолдану қабілеті анықталды, мұнда үміткерлер судьялық практикаға қатысты тәжірибелік мысалдарды қарастырды. Үшінші кезеңде судьялыққа кандидаттың психологиялық портретін айқындау мақсатында психологиялық тестілеу жүргізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша судьялыққа үміткер 11 адам біліктілік емтиханының үш кезеңінен сәтті өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram