09:18, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысында кадрлық мәселелер қарастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Жоғары Сот Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.