Жоғары сотта өзін өртеп жібермек болған Олифиренконың ісі қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот 2014 жылғы 11 ақпанда В.Олифиренконың өтініші бойынша Бас прокурордың наразылығын қарайды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

Жоғары сотта өзін өртеп жібермек болған Олифиренконың ісі қаралады

«ҚР Жоғарғы сотына жауапкер В.Олифиренкоға қатысты Қарағанды облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқалары шығарған сот актілерінің күшін жою және одан кепілақыны өндіріп алу туралы азаматтық істі жаңадан қарауға апелляциялық сатыдағы сотқа жіберу туралы ҚР Бас прокурорының наразылығы келіп түсті. В.Олифиренконың өтініші бойынша ҚР Бас прокурорының наразылығын қарау жөніндегі қадағалушы сот алқаның отырысы 2014 жылғы 11 ақпанда сағат 10.00-ге тағайындалды», - делінген хабарламада.Еске сала кетейік, 2013 жылы 20 қыркүйек күні Владимир Олифиренко азаматтық соттың шешіміне наразылық таныту мақсатында Жоғарғы сотқа келіп, өз-өзіне өрт қоямын деп қорқытқан. Кіреберістегі есікті орындықпен бекітіп тастаған ол, сөмкесінен бензині бар бөтелкені алып шығып, өзінің киіміне және еденде төселген кілемге жанармайды құйып жіберген. Кейін анықталғанындай, ол Қарағандыда көлікті сатып алу және сату ісіне қатысты азаматтық соттың шешімімен келіспегендіктен осындай іске барғандығы анықталды.

Дегенмен, көпшілік алдында бұндай арандату жағдай заңмен жазаланады және де сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.