Жоғары жылдамдықты Интернет байланысы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі құрал болып табылады ? Майкрософт компаниясы

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі құрал – жоғары жылдамдықты Интернет байланысы.
None
None
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Майкрософт компаниясының жоғары менеджмент құрамының аға вице-президенті Орландо Аяла бүгінгі баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінде Қазақстанда халықты жоғары жылдамдықты Интернет байланысымен қамтамасыз ету деңгейі төмен болып тұр. Оның көрсеткіші қазір 2-3 пайызды ғана құрап отыр. Сондықтан осы қызметке қажетті жаңа телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ оған белгіленген тарифті азайту бүгінгі күннің негізгі мәселесі болуда. Мен Қазақстанда өткізетін бірқатар кездесулер барысында осы мәселені көтеріп, талқылауды көздеп отырмын», - деді О.Аяла. Айта кетейік, елімізге жұмыс сапарымен келген Орландо Аяла бүгін ҚР Білім және ғылым министрігінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бірқатар кездесулер өткізіп, ертең, қаңтардың 27-сі күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен жүздеспек.
Соңғы жаңалықтар
Референдум