Жогорку Кенеш депутаттары отырысқа қатыспаса, жалақысынан 10 пайыз ұсталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отырысқа қатыспаған депутаттар жалақысының 10 пайызы ұсталады. ҚР Жогорку Кенешінің спикері Асылбек Жээнбеков сәрсенбіде өткен жалпы отырыста осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды КирТАГ.
«Фракция көшбасшылары отырыстарда депутаттардың толық қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер депутаттар отырысқа қатыспайтын болса, жалақысынан 10 пайыз ұстап қалатын боламыз», - деді ол.
Алайда неше рет қатыспағаны үшін айыппұл салынатыны айтылған жоқ.