Жогорку Кенештің салалық комитеті «Қырғызгазды» «Газпромның» жекешелендіруін мақұлдады
БІШКЕК. Маусымның 16-сы. ҚазАқпара /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаттары Халықаралық істер және парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің кешегі отырысында Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Қырғызгаз» ашық акционерлік қоғамының Қырғызстанға тиесілі акциялар пакетінің бөлігін жекелешендірудегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыз парламенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осыған дейін іскерлік топтарда бірнеше рет көтерілген бұл мәселе бойынша Қырғыз Республикасының Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Тұрсын Тұрдымамбетов сөз сөйледі. Оның айтуынша, әзірленіп жатқан келісімнің аясында тараптар «Қырғызгаз» ААҚ-ының жарғылық капиталынының 75 пайызы және плюс бір акциясы мөлшеріндегі акциялар пакетін жекешелендіруге «Газпром» компаниясының қатысуын қамтамасыз етуде.