Жол апатынан зардап шеккен үш жасөспірімнің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды – ІІМ
Фото: Polisia.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда төрт көлік соқтығысып, салдарынан үш жасөспірім зардап шеккен еді. Қазір жасөспірмдердің екеуі жансақтау, біреуі травматология бөлімінде жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатынан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі – кәмелетке толмаған жасөспірім, ал, біреуі – 1989 жылғы әйел. 

«Көкарна ауылында орын болған жол көлік апатынан зардап шеккендердің біреуі облыстық ауруханаға, үшеуі облыстық балалар ауруханасына жеткізліді. 1989 жылы туған әйелдің жағдайы жақсы, оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Сол себептен, бүгін, 5 наурызда өзінің келісімімен ауруханадан шығарылды. Ал, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімдердің екеуі жансақтау бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде ем-дом алып жатыр. Қазір олар дәрігерлердің бақылауына алынды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға түскенін  хабарлаған болатынбыз. 

Атырау-Дамбы тас жолының бойында орналасқан Көкарна ауылында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Жүк көлігі аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған үш жасөспірім мен бір әйел жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар