Жол апатының хаттамалары неге көбіне орыс тілінде толтырылады – судья пікірі

500 нарушений ПДД зарегистрировали в праздничные дни в Костанайской области
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада әкімшілік құқықбұзушылық істердің қазақ тілінде қаралуы ден алуда. Толығырақ Астана қаласының соттарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және дамыту жұмыстарын үйлестіру комиссиясының төрағасы, судья Айсұлу Сламбекова айтып берді.

«Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша арыз сотқа мемлекеттік мүдделі органдардан келіп түседі. Басым көпшілігі – жол-көлік оқиғасына байланысты, полицейлердің хаттамалары негізінде. Астанада бір жыл ішінде 853 (34%) әкімшілік істің қаралуы қазақ тіліне өзгертілген, яғни іс орыс тілінде түсіп, кейін қазақ тіліне көшкен. Оның себебі жол полициясы қызметкері мен құқықбұзушы екеуі де қазақ бола тұра, қазақша сөйлесе отырып, хаттаманы орыс тілінде толтырады», - деді судья Айсұлу Сламбекова.

Оның айтуынша, іс сотқа түскенде судьялар жаппай қазақ тіліне көшіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Астанада қалалық соттың ұйымдастыруымен «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға судьялар, адвокаттар, Мәжіліс депутаттары мен тіл мамандары қатысты.

Соңғы жаңалықтар