Жол апаттарынан көбінесе жолаушылар мен жаяу жүргіншілер зардап шегеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны 27 мыңнан астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметінен хабарланды.
«2015 жылы алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін барлығы 27 800 адам әкімшілік жазаға тартылды. Статистика көрсеткендей, жол апаттарынан жүргізушілердің өздері ең аз зардап шегеді, көбінесе зардап шегетіндер жолаушылар мен жаяу жүргіншілер. ЖКО салдарынан 2453 адам қаза тапқан, олардың ішінде - 1816 ер адам, 637 - әйел адам, 230 - кәмелетке толмаған жолаушылар»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.
Сонымен қатар ведомство өкілдері 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы бекітуші жабдықтарда тасымалдаудың міндеттілігі туралы норманың енгізілуі арқасында 2015 жылы жол апаттарынан зардап шеккен балалар санының төмендеуі байқалғанын алға тартуда.