Жол апаты 50 адамның өмірін қиып кетті

Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығыс жағындағы Бейла префектурасында Морибаду елді мекенінің маңында орын алған. Жергілікті тұрғындар мініп, Бейла қаласындағы сауда жәрмеңкесіне аттанған жүк машинасы тежегіш жүйесінің істен шығуы салдарынан аударылған
Ел үкіметі қаза болғандардың отбасыларына қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Өткен жылдың соңында да Гвинеяда қорабына адамдар тиелген жүк машинасы елеулі апатқа ұшыраған еді. Ірі салмақты автомобиль басқарудан айырылып қалып, өтіп бара жатқан адамдар тобына соқтығысқан болатын. Онда 20 адам қаза болды.
Гвинеяда мұндай ірі апаттар жиі болып тұрады. Елеулі адамдар құрбандарына соқтырған жол-көлік апаттарының себептері - жолдардың нашарлығы, автомобильдердің жай-күйінің ойдағыдай болмауы. Елде автомашиналардың көпшілігі жылдар бойы тексеруден өткізілмейді. Сонымен қатар адам өліміне соқтырған жол көлік-апаттарына көбірек сапар жасауға тырысып жылдамдықты асыру, сондай-ақ көп жағдайда жүргізушілердің мас күйінде рульге отыруы да себепші.