Жол апаты: Жедел жәрдем көлігінде болған 2 жастағы баланың жағдайы тұрақты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының дәрігерлері жедел жәрдем көлігі апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кеше түнде 2/25 жедел жәрдем бригадасы сырқат баланы қарауға аттанған. 2 жастағы бүлдіршінге ЖРВЖ диагнозы қойылған. Алматы қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасына жеделдетіп жеткізу үшін қайта шыққан уақытта жол апаты болады. Көлікте баланың ата-анасы, санитар, фельдшер, жүргізуші болған. Соның салдарынан фельдшер жеңіл жараланған. Ал, баланы сол жерден 5/1 бригадасы келіп жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетті», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Жапа шеккен дәрігер №7 қалалық ауруханада қаралып, үйге емделуге жіберілді.

Айта кету керек, жол апаты түнде Бостандық ауданында болған еді.

«Сәтпаев көшесімен шығысқа бағыт алған жедел жәрем көлігі Әуезов көшесінде қызыл бағдаршамға өткен. Осы кезде Әуезов көшесімен оңтүстіктен келе жатқан жеңіл көлік жедел жәрдем қызметінің көлігін соғып кетеді. Оның салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды», - деді С.Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар